14
февраль
2024
Педагогикалық қолдау
Т.Бокин атындағы орта мектебі бойынша ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында ақпан айының 14 күні 8 сынып жетекшілері А.Бапанова, Н.Избасарова “Жасөспірімдер мінезіндегі ерекшеліктер” тақырыбында ата аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; өтпелі кезеңде жасөспірімдермен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық тренинг ұйымдастырылып, ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Жиналысқа 27 ата ана қатысты.