13
October
2022
Мектепшілік іс-шара «Өнер алды – қызыл тіл»
Сайысымыз 4 тур бойынша:
1-тур «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі бойынша оқушылар 2022 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған ұлы тұлғалардың көркем шығармаларын жатқа оқу:
2-тур «Кім тапқыр?» мақал –мәтелдің жалғасын табу;
3-тур «Бәйге» бөлімінде оқушыларға 2022жылдың мерейтой иелері Қазбек би, Д.Бабатайұлы, Кенесары Қасымұлы, А.Байтұрсынұлы, Әсет Найманбайұлы, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Дінмұхамед Қонаев, Мәншүк Мәметова сынды тұлғалар жайлы сұрақтарға жауап беру;
4- тур. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» жас ақындар сайысы. Әр топ берілген тақырып бойынша өлең шығару сынды тапсырмалар берілді.
Оқушылар әр тур бойынша белсенді қатысып, тапқырлығын көрсете білді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған «Асыл сөз» тобы жүлделі І орынға , «Сөз мерген» тобы ІІ орын, «Жас талап» тобы ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Ерболат Қастер «Тапқыр оқушы» номинациясымен, Измахан Ізбасар «Шығармашыл оқушы» номинациясымен, Кималаддин Гүлдана «Best топ басшы» номинациясын марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға сыйлық берілді. Шара соңы
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді, құрметте! – деп Қадір ағамыз жырлағандай, ана тілінің
мәртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер. Ана тілім-қазақ тілі! – ұранымен аяқталды.