10
апрель
2023
Шығарма байқауы 8-11 сыныптар арасында
Іле аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде 2022-2023 оқу жылында “Қауіпсіз терезелер” республикалық ақпараттық науқаны аясында 10 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Бала қауіпсіздігі - басты міндет» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Шығарма байқауынды 7 оқушының жұмысы қаралды. Соның ішіндегі 8-11 сынып оқушылары ұсынған 3 жұмыс тақырыпты ашпаған,талапқа сай болмағандықтан байқауға қатыстырылмады. Ал,11 «А» сынып оқушысы Ерболат Қастердің және 10 «Б» сынып оқушысы Уразбаева Назираның және 9«А» Ізмахан Тоқтагүл жұмыстары талапқа сай болғандықтан, осы үш жұмыстың ішінен 11 «А» сынып оқушысы Ерболат Қастердің жұмысы үздік деп танылды. Мектепішілік комиссияның шешімімен жұмыстар сарапталып, үздік деп танылған шығарма жұмысы аудандық білім бөліміне өткізілді.

