01
сентябрь
2023
1-қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын
Іле аудандық білім бөлімінің телефонхаты негізінде мектепте Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиыны 1 қыркүйекте өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай барлық сыныптарда 1 қыркүйек Білім күнін және «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу Тұжырымдамасы негізінде өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Салтанатты жиынға Күрті ауылдық округінің әкімінің орынбасары Әбілғани Дулат Бақытжанұлы қатысты. Салтанатты жиынды мектеп директоры Ф.Байгонусова ашып, мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып бүлдіршіндеріне құттықтау сөзін айтып, мол жетістіктер тіледі

