«Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына» » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №41"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына»
04
март
2024

«Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына»

Алматинская область білім басқармасының ұйымдастыруымен, 04.03.2024 ж күні Алматинская область, Іле ауданы №53 орта мектеп базасында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына» атты облыстық форум өткізілді. Форумға облыстық білім басқармасының бас маманы Ізбасар Айжан Кәрібайқызы, әр аудандық, қалалық білім бөлімінің тәрбие саласына жетекшілік ететін әдіскерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие жүйесіне енгізудегі табысқа жету жолын айқындау, тәжірибе алмасу, бірлескен жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған форумға журналист тарихшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, актер Әсет Иманғали, «Іле таңы» газетінің тілшісі, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Б. Чойбасов, «Іле таңы» аудандық қоғамдық келісімінің аналар кеңесінің төрағасы М. Жабиевалар қатысты.
Форум екі кезең бойынша атқарылды, І бөлімінде «Ұлттық мүдде: Кеше және бүгін» тақырыбында журналист, тарихшы Жақсыбаев Жәлен Қазбекұлымен ашық алаң, «Ар-ұят: Адамгершілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» атты тақырыпта актер Әсет Иманғалимен кездесу өтіліп, «Талап: Талап, еңбек, терең ой...» тақырыбында зияткерлік ойын, жоба жұмысымен таныстырылды. ІІ бөлімінде Абайдың «Табыс» траекториясы ашық алаңында атқарылған іс-шараар талқыланып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив