Материалы за 20.09.2024 » №41 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №41"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» Материалы за 20.09.2024
Облыстық «Махамбет оқулары» байқауының нәтижесі
20
September
2024
Облыстық «Махамбет оқулары» байқауының нәтижесі
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген Облыстық «Махамбет оқулары» байқауының «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша мектебіміздің 9«А» сынып оқушысы Измахан Ізмұрат қатысып, жүлделі 1-орын алды. Сондай-ақ Республикалық кезеңге жолдама алды. 👏 Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Избасарова Нағима Құралбайқызы. Алдағы республикалық байқауда Сіздерге сәттілік тілейміз!
«Буллингтен қорған» сынып сағаты
20
September
2024
«Буллингтен қорған» сынып сағаты
20.09.24ж. 7”А” сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасындағы толеранттылықты арттыру және қақтығыстардың алдын алу. Оқушылар буллинг және кибербуллинг ұғымдарымен, оның зардаптарымен танысты. Оқушылар топпен жұмыс жасап, сыныптың негізгі ережелерін жазды.  
Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың жабылу іс-шарасы
20
September
2024
Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың жабылу іс-шарасы
“Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебі” мкм 20.09.2024ж. Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған апталықтың жабылу іс-шарасы өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”тақырыбында сұхбат өткізілді. Аталған шараға 1 “А”, 1 “Б” және 9 “А” сынып оқушылары қатысты.   https://www.instagram.com/reel/DAK8_JQiIf4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==