05
сентябрь
2022
«Қазақстан халқы тілдері күні»
05 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тілдің мәртебесін арттыру мақсатында мерекелік іс-шараның жосрары құрылып, бекітілді. 6.09.2021ж күні «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты тіл мерекесінің онкүндік іс шарасының ашылу салтанаты болып өтті Мерекелік іс-шараның мақсаты:Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, оқулықтары, ғылыми еңбектері туралы түсінік беру, оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғынуға, сөздің күші мен оның адам өміріндегі маңызын түсінуге үйрету.Тілдің мемлекеттік мәртебесін арттыруға,қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге,тілін,елін сүюге үйрететін,бұл мерекелік іс-шараға 2-10 сынып оқушылары белсене қатысты.«Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында 5-10 сынып оқушылар арасында қабырға газеті салынып ілінді.Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі А.Сагиндикова сөз алып мерекені ашып берді. А.Байтұрсыновтың өмірі мен ғылыми зерттеулерін қазақ тілінде орыс тілінде және ағылшын тілінде айтылып,бейнебаян көрсетілді. Оқушылар тіл туралы қанатты сөздер оқып,өлеңдерін жатқа айтты.6 «А» сынып оқушылары Айтпай Айдана мен Нұрдаулет «Тіл мен рух» атты ән орындады. 10 «А» сынып оқушылары Тулегенов Бекарыс пен Төремұрат Қонысбек қазақтың киелі домбырасымен күй шертіп,тыңдаушыларды серпітіп тастады.6-сынып оқушылары украйн биін билеп, ән айтып көрермен көзайымына бөленді. 5-сынып оқуышысы Адай Айым «Отан» атты ән орындады.7 «А» сынып оқушылары «Атамекен» хорын орындап мерекені аяқтады. Мереке соңында мектеп директоры Ф.Байгонусова сөз алып құттықтау сөз сөйледі.