Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2025-2026 оқу жылына ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.25ж №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.25 ж №96 бірлескен бұйрығы негізінде келесі бос лауазымдар бойынша конкурс жарияланады:
📌Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1,5 бірлік
📌Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1,5 бірлік
📌Логопед - 1 бірлік
📌Дефектолог - 1 бірлік
📌Музыка пәні мұғалімі - 1 бірлік
📌Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 1 бірлік
📌Дене шынықтыру пәні мұғалімі - 1 бірлік
📌Математика пәні мұғалімі - 2 бірлік
📌Педагог-психолог - 0,5 бірлік
📌Педагог-ассистент - 1 бірлік
📌Жүйелік әкімші - 1 бірлік
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;+2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;+
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8)наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);+
10)ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11)осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы https:hr-nobd.edu.kz, enbek.kz жүзеге асырылады.
Конкурстың өткізілетін мекен-жайы:
Алматы облысы
Іле ауданы
Ақши ауылы
Д.Қонаев көшесі 11 ғимарат
Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі
8 (72757) 2 45 64, 8 777 492 84 08
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
11.08-18.08.2025ж
Конкурс өткізу мерзімі: алдағы уақытта алдын ала хабарланады.