Ақпарат » Страница 21 » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 21
"Ілияс Жансүгіров" шығармалары
06
апрель
2022
"Ілияс Жансүгіров" шығармалары
Іле ауданы, Байсерке ауылының 12 мектеп базасында Ілияс Жансүгіровтың  шығармаларын насихаттау барысында поэмаларын, өлеңдері мен прозаларын мәнерлеп оқу және өз шығармашылығын арнау 3 кезең бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық байқау өтті. Мектебіміздің 9"Б" сынып оқушысы Кималадин Гулдана мен  10 "Б" сынып оқушысы Измахан Избасар мәнерлеп оқу кезеңдеріне қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразаева А.Д. 
"Ұлы наурыз - жаңа жыл басы"
14
март
2022
"Ұлы наурыз - жаңа жыл басы"
"Ұлы наурыз - жаңа жыл басы" онкүндігі аясында 1 сынып жетекшілері  Б.Копбаева , Ж.Қолдасова және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Сақтанов сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар өткізді. "Батырлар" және "Жүйріктер" топтары арқан тарту, орамал тастау, асық ату, аударыспақ  ойындарынан сайысқа түсті.
"Ұлы Наурыз - жаңа жыл басы"   "Көрісу" дәстүрі
14
март
2022
"Ұлы Наурыз - жаңа жыл басы" "Көрісу" дәстүрі
Наурыз мерекесі қарсаңында "Ұлы Наурыз - жаңа жыл басы"  онкүндігі аясында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен сынып жетекшілері А.Оразаева, А.Туремуратова, А.Нұртілеудің ұйымдастыруымен "Көрісу" дәстүрін жаңғырту, дәріптеу мақсатында наурыздың 14-і Амал мерекесі күні мектебімізде көрісу дәстүрі театрландырылған көрінісі қойылды.
"Шежіре-жерұйық" бірлестігінің апталығы
24
февраль
2022
"Шежіре-жерұйық" бірлестігінің апталығы
“Т.Бокин   атындағы №41 орта мектебі” м емлекеттік   коммуналдық   мекемесі Тақырыбы: Жаратылыстану – тіршілік бастауы  Мақсаты:  - оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; - оқушылардың шығармашылық және функционалдық қабілеттерін дамыту; -  оқушылардың бойында   Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерін, туған өлке тарихын зерттеп, зерделей білуге тәрбиелеу . Міндеттері: -  сабақ
Мектепшілік семинар
21
февраль
2022
Мектепшілік семинар
      Т.Бокин атындағы №41 орта мектебінде 19 ақпан 2022 жылы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Бапанова А.Н. және  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұртілеу Меруерт мектеп ұжымына семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы «Kahot» платформасы арқылы сабаққа тапсырмалар жасау жолдары. Мақсаты; Мұғалімдерге «Kahot» платформасына тіркеліп, сабақтарға тест тапсырмаларын жасауды көрсетіп, оның мүмкіншіліктерімен таныстыру.
"Жас мерген -2022"
18
февраль
2022
"Жас мерген -2022"
16.02.2022 жылы күні Іле ауданы, Боралдай ауылы, №23 мектеп базасында кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған аудандық "Жас мерген -2022" пневматикалық мылтықпен оқ атудан жарыс өткізілді. Осыған орай мектебімізден 11 "А" сынып оқушысы Уали Нурболат қатысып І орынға ие болды. Жетекшісі АӘД пәні мұғалімі А.Абатов
«Өрттен қорған» апталығы
18
февраль
2022
«Өрттен қорған» апталығы
«Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебі» мкм бойынша Өрттен қорғану, өртке қарсы құрал-жабдықтарды қолдана білуді насихаттау мақсатында өткізілген «Өрттен қорған» онкүндігінде атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет Іле аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып ақпан айының  11-18 күндері аралығында өрттен қорғану, өртке қарсы құрал-жабдықтарды қолдана білу  мақсатында  «Өрттен қорған»  апталығының  іс-шаралар жоспары құрылып  бекітілді. Жоспар бойынша  ақпан айының 11
Аудандық "Мұқағали оқулары" байқауы
18
февраль
2022
Аудандық "Мұқағали оқулары" байқауы
17.02.2022 жылы күні Мұқағали Мақатаев   атындағы № 13 орта мектебінде өткен аудандық "Мұқағали оқулары" байқауына "Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі" 10 "А" сынып оқушысы Ерболат Қастер қатысып 1 - ші "Айтып өткен ақында арман барма" кезеңінде бас жүлдеге ие болды. 2- ші кезең " Жыр эстафетасы" кезеңі ақын поэмаларын жатқа оқуда  ІІ  орынға ие  болды.
Мектепшілік семинар
14
февраль
2022
Мектепшілік семинар
«Т.Бокин атындағы № 41  орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мектепшілік семинар 2022 жылдың 12 ақпанында, «Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі» мемлекеттік коммуналды мекемесінде, информатика пәнінің мұғалімі Жумабаева Зауреш Қыдырханқызы «Информатика сабағында Ақпараттық –Коммуникативтік  Технологияны (АКТ) тиімді қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар мақсаты : «Ақпатарттық –Коммуникативтік  Технологияны (АКТ) тиімді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
Аудандық "Әбіш оқулары"  байқау
10
февраль
2022
Аудандық "Әбіш оқулары" байқау
09.02.2022 жылы күні Іле ауданы, КазЦик ауылы  №42 орта мектеп базасында өткен аудандық "Әбіш оқулары"  байқауында "Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі" 9 "Б" сынып оқушысы Кималадин Гүлдана жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразаева А.Д.