Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы
10
июль
2021

Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Жазғы мектеп  26 мамыр - 19 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші негізінде өткізілетін болады.
Жазғы   мектеп қашықтықтан / аралас оқыту режиміндегі мектептер (6,7, 8, 10 сынып оқушылары), аралас форматтағы мектептер (қашықтан білім алған 1-5 сыныптар) , барлық мектептердің  9-сынып бітірушілері үшін  (ерікті түрде) ұйымдастырылады.
         Контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер (оқу жылы бойына дәстүрлі оқыған), 1-5 кезекші сыныптар мектептер (оқу жылы бойына дәстүрлі оқыған), 9,11 сыныптар (барлық мектептер) үшін міндетті болып табылмайды , ата-аналардың өтініші негізінде жазғы мектептерге қатыстыруға болады.
        Пәндерді педагогтер тарифтеу бойынша сағаттардың бөлінуіне сәйкес жүргізеді. 
ü   Жазғы мектепке қабылдау   ата-аналарының, заңды өкілдерінің өтініші негізінде қабылданады.
  • Оқыту тегін ұйымдастырылады.
ü   Білім беру үлгермеушілерге бағыттала отырып жүргізіледі 
ü   Оқушылар еркін киім үлгісімен келіп қатыса алады.
 Білім беру ұйымдарының басшылары төмендегі іс-шараларды ұйымдастыруы тиіс: 
ü   Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылады.
ü   Оқу жылы аяқталардан 2 апта бұрын Жазғы мектеп жұмысының жоспары бекітіледі.
  • Оқушылар тізімі мен класс-комплектілер жасақталады.
  • Пәндер тізімі анықталады. 
  • Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрылады.
  • Уақытша сынып журналдары жүргізіледі.
Қосымша кадрлар қабылдау   қажет емес. 
ü   Сабақ жүргізгені үшін педагогтерге қосымша қаржы төлеу талап етілмейді;
ü   Педагогтар ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейді.
ü   Кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында
ü   Жазғы мектептің барлық қатысушыларына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беріледі.
ü   Кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар,қолды жиі жуу талап етіледі. 
ü   Үй-жайларды ылғалды жинау, желдету, кварцтау шаралары жүргізіледі.
ü   Бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
  Білім беру оқу сабақтары, жобалау қызметі, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар және т. б. түрінде өткізіледі. Үйге тапсырма берілмейді.
Министрлікпен әр білім беру деңгейі бойынша пәндер және қиындық тудыратын тақырыптар ұсынылып отыр. Бұл кестелер барлық білім беру мекемелеріне жеткізілуі тиіс. Ұсынылған тақырыптарды сыныптың ерекшелігіне сай өзгертуге, пәндерді әр мектеп жеке таңдауына болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру  барысында 
  • Әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды  таңдау және олардың санын талқылау;
  • Оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау (оқу материалын бекіту үшін);
  • Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру;
  • Білім алушыларға арналған жеке кеңестер ұйымдастыру;
  • Негізгі пәндер бойынша, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттерін тарта отырып, консультациялар өткізу;
  • Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану;
  • Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту («Оқуға құштар мектеп»)
  • Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • Шаблондық алгоритмдерді қолданудың орнына ерекше практикалық-бағдарланған тәсілдерді іздей отырып, математикадағы күрделі есептерді шешу әдістерін қолдану; 
  • Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
  • Практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив