Біз туралы » Страница 9 » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
40 жыл мектепті бітіргенімізге
29
май
2023
40 жыл мектепті бітіргенімізге
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы "41 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 1983 жылы мектеп бітірген түлектер алтын ұя мектептеріне келіп, кездесу кешінің құрметті қонағы болды. Аталмыш кеште мектеп өнерпаздары түлектерге арнап өлең шумақтарын оқып, мың бұрала би билеп, әннен шашу шашты. Алтын ұя мектептерін ұмытпай 40 жыл өтседе білім ошағына келіп, демеушілік жасаған 1983-2023 жылғы 40 жылдық түлектерге айтар алғысымыз шексіз.
Республикалық ашық турнир
24
май
2023
Республикалық ашық турнир
Мектебіміздің оқушылары Алматы қаласы, "For Champions"спорт клубында өткізілген "ZHASS ULAN"бокс мектебінің 13-15 жас аралығындағы Жастар мен Жасөспірімдер арасында Бокстан өтетін Республикалық ашық турнирге қатысты. 30 команда 300 ден астам боксшы жасөспірімдер қатысқан турнирге мектебіміздің 9 оқушысы қатысып , барлығы жүлделі орындармен оралды. 48 килограмм салмақ дәрежесінде І орынға ие болып Көшербай Бақытжан, Жалғас Саят, Жәмгірбай Жанатбек марапатталды 56 салмақ дәрежеде 1 орынмен
"Мерейлі отбасы " отбасылық сайысы
23
май
2023
"Мерейлі отбасы " отбасылық сайысы
15 мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай өткізілген "Мерейлі отбасы" отбасылық сайысы.
Патриоттық диктант
04
май
2023
Патриоттық диктант
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасын негізге ала отырып, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінде жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойынша сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. 7- сынып 140 сөзден тұратын, 8-сыныптар 150 сөзден тұратын, 9-10 сынып оқушылары 150-200
Шырша отырғызу
28
апрель
2023
Шырша отырғызу
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы "Т.Бокин атындағы 41 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2023 жылдың 29-шы сәуірінде мектеп алаңын көгалдандыру бойынша сенбілік жұмысы жүргізілді. Аталмыш сенбілікте Іле аудандық білім бөлімінің қолдауымен 100 түп шырша ағашы отырғызылды. Сенбілікке мектеп әкімшілігі мен кіші қызметкерлер қатысты.
Халқым менен де биік тақырыбында сынып сағаттар
28
апрель
2023
Халқым менен де биік тақырыбында сынып сағаттар
Т. Бокин атындағы 41 орта мектебінің 2Б сынып оқушыларының қатысуымен "Халқым менен де биік' тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушыларға Қ. Сәтбаев туралы мәліметтер беріп шығармаларымен таныстыру. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Қ. Сәтбаев туралы кітапханадан қызықты деректермен танысты. Сынып жетекшісі: Копбаева Б. Б
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБА
25
апрель
2023
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБА
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН жүзеге асыру мақсатында мектеп ауласын аөгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. "Жасыл патруль" жасағының, 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектептің ауласына 40 жеміс ағаштары отырғызылды.
Челлендж Шахмат ойыны
12
апрель
2023
Челлендж Шахмат ойыны
 Т. Бокин атындағы #"41 орта мектебінде сәуірдің 12 күні шахмат ойыны бойынша білім алушылар мен педагогтар арасында челлендж ұйымдастырылды. Челлендж мақсаты білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, білім алушылардың шахмат ойынына қызығушылығын арттыру, сыни және логикалық ойлауын дамыту, челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту, еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау
Сынып сағаты
12
апрель
2023
Сынып сағаты
Т. Бокин атындағы №41 орта мектебі " МКМ "Салауатты өмір салтын насихаттау" онкүндігінің жоспарына сәйкес Адилова А.А. мен Орнбаева А.Ш. 8- 9 сыныптарымен "Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Нашақорлық -ғасыр дерті екендігін , зиянды заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу , саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.