Жетістіктеріміз » Страница 2 » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Домбыра party"
15
март
2024
"Домбыра party"
"Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі" мкм 8 "А" сынып оқушысы Қасым Нұрқасым "Домбыра party" челленджін қабылдап, Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін орындады. Челленджі барлық мектеп оқушыларына жолдаймыз!
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне концерт
11
март
2024
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне концерт
"Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебі" мкм 07.03.2024 оқушыларымыздың аналарға арнаған "Өмірдің гүлі - Аналар!" атты мерекелік концерті өтті. Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
"XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ"
04
март
2024
"XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ"
Аудандық "XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ" мектеп оқушылар слетіне қатысып, 7 сынып оқушылары III орын иегері атанды
"Алтын сақа" ертегісі
04
март
2024
"Алтын сақа" ертегісі
Аудандық "XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МОДЕЛІ" мектеп оқушылар слеті: Үздік анимация сценарий бойынша оқушылардың құраған "Алтын сақа" ертегісі. Сценарий жазып, даусын сомдағандар: Т.Айкөркем, Қ.Назым, Қ.Ералы, Д.Мағжан, Ж.Нұрдаулет https://www.instagram.com/reel/C4Fe2_aMq5j/?utm_source=ig_web_copy_link  
1 Наурыз Алғыс айту күні
29
февраль
2024
1 Наурыз Алғыс айту күні
"Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі" мкм 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай, мектеп президенті Әбдікерім Мадина мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне алғыс білдіре отырып, құттықтау видеосын жолдайды.
Үйірменің үйретері көп
26
февраль
2024
Үйірменің үйретері көп
"Т.Бокин атындағы №41 орта мектебі" мкм Үйірме жұмысы апталығы аясында, "Қызықты математика" үйірмесінің жетекшісі С.Муханова 1"А" сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: Логикалық есептер шығару. Мақсаты: Логикалық есептер шығару арқылы баланың логикалық қабілеттерін дамыту. Қатысқандар: 1 "А " сынып оқушылары. Оқушылар "Блиц-турнир", "Фигураларды сана", "Жабайы аңдар" тақырыптарында логикалық-математикалық тапсырмалар орындады. Сабақ соңында кері байланыс берілді. Үйірме жетекшісі:
Педагогикалық қолдау
14
февраль
2024
Педагогикалық қолдау
Т.Бокин атындағы орта мектебі бойынша ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында ақпан айының 14 күні 8 сынып жетекшілері А.Бапанова, Н.Избасарова “Жасөспірімдер мінезіндегі ерекшеліктер” тақырыбында ата аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; өтпелі кезеңде жасөспірімдермен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі
Жылдам оқу байқауы
31
январь
2024
Жылдам оқу байқауы
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы Т.Бокин атындағы 41 орта мектебінде 2024 жылдың 19-26 қаңтар күндері 2-4 бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын бақылау мақсатында мектепшілік байқау өткізілді. Аталмыш байқауға 2-4 сыныптан 111 оқушы қатысып, 23 оқушы үздік деп танылды. Жеңімпаздар мектеп басшысының мадақтамасымен марапатталды.
Облыстық ашық есік күні
30
январь
2024
Облыстық ашық есік күні
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы Т.Бокин атындағы 41 орта мектебінің география пәні мұғалімі Накипалиева Маржан Тулегеновна"Әдістемелік күн"ізденіс, шығармашылық,нәтиже" тақырыбында өткізілген облыстық ашық есік күнінде 53 орта мектептің 9 "Г" сынып оқушыларымен ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні ашық сабағын өткізді. Аталмыш іс-шара соңында облыстық әдістемелік орталық басшысының алғыс хатымен марапатталды.  
“Әбіш оқулары”
22
январь
2024
“Әбіш оқулары”
Аудандық “Әбіш оқулары” байқауының мәнерлеп өлең оқу кезеңі бойынша III орын иегері Мәлікқызы Нұршуақ. Жетекшісі А.Оразаева Құттықтаймыз👏