9 мамыр Ұлы Жеңіс күні » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №41"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні
08
май
2023

9 мамыр Ұлы Жеңіс күні

Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: Мектеп Парламенті мүшелері атаулы мерекеге орай құттықтау жолдады. Мерекеге сай дайындық, безендіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханашысы М.Данабаева "Ер жігіт - ел қорғаны" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. «Жеңіс туы желбірей берсін» шығарма байқауы мамырдың 03 күні 9-10 сынып оқушылары арасында қаза тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Нұртілеудің ұйымдастыруымен өткізілді. Мамырдың 4-5 күндері аралығында «Ерлік — ұрпаққа мұра», «Біз Отан қорғаушылармыз», «Еркін елдің ұланымыз» тақырыбында ерлік сабақтары 2-5 сынып оқушылары арасында өткізілді. Ерлік сабақтарына 120 оқушы қамтылды. Мамырдың 05-06 күндері аралығында «Желбірей бер,Жеңіс туы,мәңгілік!» Ұлы жеңіс күніне арналған сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына 22 оқушы қатысып, үздік салынған суреттердің авторлары марапаттауға ие болды. Мамырдың 05 күні 9 А сынып жетекшісі А.Иткараева «Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді» тақырыбында ерлік сағатын өткізді. Сынып сағатына 16 оқушы қамтылды. Шараның мақсаты: білім алушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. 5 Б сынып жетекшісі Ғ.Байжанова, 7 А сынып жетекшісі З.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен мамырдың 05 күні "Ерлікке мың тағзым" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Аталған шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұматтар берілді. Қазақстандықтардың Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлестері туралы, қазақтың батырлары туралы көптеген мәліметтер алды. Шараға 66 оқушы қамтылды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив