06
февраль
2024
"Ауғаннан от кешкендер..."
"Т.Бокин атындағы Средняя школа №41" мкм
Ақпан айының 6 күні, Кеңес әскерінің Ауған соғысынан(1979-1989) елге оралғанына 35 жыл толуына орай, "Ауғаннан от кешкендер..." ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысы ардагері Джаманов Жанғарбай Сулейманович пен ауылымыздың әкімі Омаров Төлеген Әнуарбекұлы қатысты.
Ауыл әкімі Омаров Төлеген Әнуарбекұлы мен мектеп директоры Байгонусова Фарида Алпысбаевна кездесуге келген ардагерді бейбіт күннің мерейлі мерекесімен құттықтап, сол сұрапыл жылдарда көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре отырып, жерлестеріміздің Отан алдындағы борыштарын атқару жолындағы жарқын жолдары- жас ұрпаққа үлгі болып қала беретінін тілге тиек етті.
Мерекелік кездесу әнмен әрленіп, көрініс үзінділері көрсетіліп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытында тағылымы мол естеліктер мен өлең жолдары айтылды.
Соғыс ардагері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мерекелік шара ұйымдастырған мектеп ұстаздары мен оқушыларына алғысын білдірді.
Кездесу мазмұнды өтті.