"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу " аудандық семинар » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу " аудандық семинар
23
ноябрь
2022

"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу " аудандық семинар

   Алматы облысы Іле ауданы Акши ауылы Т.Бокин атындағы №41 орта мектебінде қараша айының 23 күні аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу " такырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша іс тәжірибемен бөлісу, зорлық зомбылыққа ұшыраған балалармен жұмыс жүргізу алгоритмімен таныстыру. Мектеп басшысы Ф.Байгонусова алғысөз сөйлеп, семинарды ашып берді. Аталған іс-шараға Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақытжан Зарина Бакытжанқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша нормативтік құқықтық қужаттармен таныстырылды, "Құқығыңды біл, заңды сыйла" 4 Б сынып жетекшісі Мақпал Мырзатай ашық сынып сағатын , "Кибербуллинг деген не және ол несімен қауіпті" тақырыбында 8 А сынып жетекшісі А.Адилова ашық сынып сағатын , "Кәмелетке толмағандар арасында бопсалау, әлімжеттіктің алдын алу" такырыбында ашық алаң Мектеп Парламенті мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Сонымен қатар психологиялық кеңестер, зорлық зомбылыққа ұшыраған балалармен жұмыс жүргізу алгоритмімен мектеп психологы Г.Егізбаева , сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Э.Апбозова таныстырып, жадынамалар таратылды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Бақытжан қорытындылап, мектеп ұжымына, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив