«Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметінің жұмыс бағыты» » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметінің жұмыс бағыты»
30
ноябрь
2022

«Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметінің жұмыс бағыты»

       Аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес және «Конференция өткізу» туралы №527-б н/қ бұйрығы негізінде 2022 жылдың 30-қараша күні №8 орта мектеп базасында Т. Бокин атындағы №41 орта мектеппен біріге отырып «Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметінің жұмыс бағыты» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға екі мектептің ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларының ата-аналары шақырылды. Аталмыш іс-шараға №8 орта мектеппен Т.Бокин атындағы №41 орта мектептің ата-аналары, ДОІЖО, мектеп психологтар, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог қатысты. Конференцияның бағдарламасына сәйкес 9:30-10:00аралығында қонақтарды тіркеу жүргізіліп,келесі кезекте №8 орта мектептің психологы Ш.Нұралханқызы психологиялық тренинг ұйымдастырды. №8 орта мектептің ДОІЖО А.Сарсенғалиева "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" тақырыбында баяндама оқыды. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған заттық-практикалық жұмысты Т.Бокин атындағы №41 орта мектептің педагог-психологы А.Таракова қол моторикасын, есту, есте сақтау және т.б.қабілеттерін дамытуға арналған практикалық ойындарды көрсетіп, ата-аналарға таныстырды. Келесі сөз кезегін Т.Бокин атындағы №41 орта мектебінің ДОІЖО орынбасары М.Әбетова сөз алып, ата-аналарға "Сіз қандай ата-анасыз?" атты тақырыпта сауалнама алса, №8 орта мектептің ДОІЖО Н.Жумабекова іс-шараны қорытындылап, кері байланыс ата-аналармен жасады. Ата-ана Б.Көпбаева мен Д.Оспанова үйден оқытылатын баламен жұмыстың нәтижелі болуы мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы үштіктің бірлесе жұмыс істеуінде деп атап өтіп, бүгінгі іс-шара барысында көптеген ақпарат алып, мектеп тарапынан қолдауды сезінгенін айтып алғысын білдірді. Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналармен оқушыларға естелік сыйлықтар ұсынылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив