10
февраль
2023
М. Мақатаевтың 92 жасқа толуына байланысты іс шара
М. Мақатаевтың 92 жасқа толуына байланысты Ақши ауылы, Т. Бокин атындағы №41орта мектебінде «Поэзия! менімен егіз бе едің? " атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты қазақ жырының қара бурасы атанған М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, әндері туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру болды. Тәрбие сағатында мектеп оқушылары ақын күнделігінен үзінді оқыды, өлеңдерін мәнерлеп айтып, әсем әндері шырқалды. Аталған іс-шараға ардагер ұстаз Гулжан Нуркашевна қатысып, оқушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
https://www.instagram.com/reel/CofUtVXK0tE/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D
https://www.instagram.com/reel/CofUtVXK0tE/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D