18
апрель
2023
Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні
18 сәуір - Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Байжанова 10 сынып оқушыларымен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысушы Т.Бокин атамыздың ескерткішіне барып, ол кісінің тарихы туралы әңгімелеп берді. Тоқаш Бокин Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында оқыған, сот органдары мен Верныйдың қоныс аударушылар басқармасында аудармашы болып жұмыс істеді. 1914–1916 жылдары Санкт-Петербург Сот палатасында, зауытта жұмыс істеді.
1918 жылы наурызда облыстық Төңкерістық комитеттің мүшесі болып сайланды, Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Ауыл және селолық кеңестерді құруға қатысты. 1918 жылғы сөуір-мамыр айларында Верныйдағы Кеңес өкіметіне қарсы болған бүлікті басуға қатынасты. 1918 жылдың қыркүйегінде саяси күрестің құрбаны болды.