15
февраль
2023
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында ақпанның 14 күні Іле ауданы прокуратурасының аға прокуроры Уразбаев Нұрсұтан және Іле ауданы прокуратурасының прокуроры Бейімбет Еркебұланмен кездесу өткізілді. Кездесуге Күрті ауылдық округ әкімінің орынбасары Әбілғани Дулат Бақытжанұлы, Іле АПБ ның ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Жолболдин Мирас Ерқанұлы, мектеп директоры Байгонусова Фарида Алпысбаевна және 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға қоғамда тәртіп сақтау туралы жалпы ережелерге тоқталып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы айтып өтті. Қоғамдағы ең басты мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматты мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндеті болып саналатынын жеткізді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып,Іле ауданы прокуратурасының аға прокуроры Уразбаев Нұрсұлтан және Іле ауданы прокуратурасының прокуроры Бейімбет Еркебұлан сұрақтарға жауап берді. Кездесуге 89 оқушы қатысты.