14
февраль
2023
Ағалармен кездесу
Ақпан айының 14 күні мектепте ауған соғысының ардагерлері, ауылымыздың тұрғындары Жаманов Жаңбырбай, Молдашев Нурадин, Достанов Қожабай ағалармен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мектеп директоры Байгонусова Фарида Алпысбаевна шара барысын қорытындылап, қонақтарға шараға атсалысқандары үшін алғыс білдірді. Кездесуге 8-10 сынып оқушылары қатысты.