Іс-шаралар » Страница 9 » №41 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚР Мемлекеттік Рәміздері-мақтанышышымыз тақырыбында сынып сағаты
13
апрель
2023
ҚР Мемлекеттік Рәміздері-мақтанышышымыз тақырыбында сынып сағаты
Т.Бокин атындағы орта мектебінде сынып жетекшілер бірлестігінің апталығы аясында 13 сәуір күні 5 Б сынып оқушыларының қатысуымен "ҚР Мемлекеттік Рәміздері-мақтанышышымыз" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: ҚР Мемлекеттік Рәміздері туралы мәліметтер беру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Аталған іс шараға 21 оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сынып жетекшісі: Байжанова Ғ.Т
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ертеңгілік
10
март
2023
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ертеңгілік
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6-7 наурыз күндері аралығында 1-4 сыныптарды аналардың, әжелердің қатысуымен ертеңгіліктер өткізілді, балалар аналарына, әжелеріне өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын табыстады. Мектеп фойесінде "Ана - өмір шуағы" тақырыбында Қазақстанның танымал әйелдері туралы сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақ , түркі әлеміндегі аналардың бейнесі, олар туралы мағлұматтар беретін стенд ұйымдастырылды. «Айналайын-анашым» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында
«Үйірменің үйретері көп»
20
февраль
2023
«Үйірменің үйретері көп»
Мектебімізіде Іле аудандық білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары негізінде 20-27 қаңтар күндері аралығында «Үйірменің үйретері көп» үйірмелер апталығы өткізілді. Мектептегі үйірмелердің мақсаты балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту. Үйірмелерге 1-4 сынып оқушылары, мектептен тыс үйірме секцияларға 5-11 сынып оқушылары толық қамтылған.
“Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың” алдын алу
16
февраль
2023
“Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың” алдын алу
“Т.Бокин атындағы #41 орта мектебі” МКМ 16.02.2023 жылы “Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың” алдын алу мақсатында мектеп педагогтарына арналған психологиялық семинар-тренинг өткізілді. Сынып жетекшілерге зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау, алдын алу бойынша жұмыс алгоритмі түсіндірілді және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022ж 21 желтоқсандағы #506 бұйрығы “Баланы жәбірлеудің(буллингтің) профилактикасы қағидалары туралы түсіндірілді.
М. Мақатаевтың 92 жасқа толуына байланысты іс шара
10
февраль
2023
М. Мақатаевтың 92 жасқа толуына байланысты іс шара
М. Мақатаевтың 92 жасқа толуына байланысты Ақши ауылы, Т. Бокин атындағы №41орта мектебінде «Поэзия! менімен егіз бе едің? " атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты қазақ жырының қара бурасы атанған М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, әндері туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру болды. Тәрбие сағатында мектеп оқушылары ақын күнделігінен үзінді оқыды, өлеңдерін мәнерлеп айтып, әсем әндері шырқалды. Аталған іс-шараға ардагер ұстаз Гулжан Нуркашевна қатысып, оқушылар
"Сен және сенің құқығың"
10
февраль
2023
"Сен және сенің құқығың"
Т. Бокин атындағы 41 орта мектебінің 4 Б сынып оқушыларының қатысуымен "Сен және сенің құқығың" онкүндігі аясында "Құқық және біз" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға құқық туралы мәлімет берілді. Отбасындағы балалардың құқықтары мен міндеттері туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сынып сағатында оқушыларға бейнебаян көрсетіліп , слайдпен таныстырылды.
«Лингва» бірлестігінің апталығының жабылуы
31
январь
2023
«Лингва» бірлестігінің апталығының жабылуы
Т.Бокин атындағы орта мектебінде 31 қантар күні «Лингва» бірлестігінің орыс, ағылшын тілдері апталығының жабылуы өтті. Апталықтын жабылуы 8-10 сынып арасында «Полиглот» тақырыбында, сайыс сабақ түрінде өтілді. Сайыста «Знаток пословиц»,«Узнай фразеологизм», «Time to listen»,«Логика» кезеңдері болды. Бұл сайыста оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Сайыс соңында оқушылар 1, 2, 3 орын және белсенділік танытқан үшін марапатталды.
"Античная цивилизация" үлгі сабақ
23
январь
2023
"Античная цивилизация" үлгі сабақ
Т. Бокин атындагы №41орта мектебінде 20.01.2023 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұгалімі А.Бапанова 6 «А» сыныбымен «Античная цивилизация» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. Сабағында АКТ-ны қолданып, LearningApps.org, nearpod платформаларын қолданып, жаңа тақырып бойынша оқушылардын білімдерін бекітті.Сабақта «Снежный ком», «Безвучный режим», «Кім жылдам» әдіс-тәсілдері қолданылды.
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"
11
январь
2023
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"
"Т.Бокин атындағы №41орта мектебі" МКМ оқушыларды қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, оқыс жағдайлардан сақтау мақсатында "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында 6 "Б" сыныбымен сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Нұртілеу М.  
Жаңа жыл 2023 құтты болсын!
29
декабрь
2022
Жаңа жыл 2023 құтты болсын!
Желтоқсан айының 27-28 күндері аралығында Жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді.